20 жасқа толар еді. Қилымжанов қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаз туралы айтты

3 Мамыр 2022, 14:54
1210
Бөлісу:
20 жасқа толар еді. Қилымжанов қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаз туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туалы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған қаңтар оқиғасына қатысқан бір азаматқа қатысты тергеуді аяқтадық. 5 қаңтарда Қызылорда қаласында жаппай тәртіптсіздік кезінде ол және оның сыбайластары Ұлттық ұланның камаз жүргізушісін қатігездікпен ұрып-соққан. Одан кейін күдікті  камазды айдап кетіп, әскери көліктің педаліне тас қойып, көлікті әскерилерге бағыттап, өзі көліктен секіріп кеткен, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, қатты жылдамдықпен келген көлік 20 жасстағы Қайсаровты қағып кетіп, ол  қаза тапты. 

Күдктінің әрекеті лаңкестік актісі бойынша сараланды. Қайсаров отбасындағы жалғыз бала болған. Ол биыл 20 жасқа толар еді. Ел бойынша жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның 281-і қамауда отыр, - деді Қилымжанов. 

Өзгелердің жаңалығы