Бас жаңалықтар
20 шілдеге арналған ауа райы болжамы
20 Шілде 2019, 08:13 287

20 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс аймақтарының кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерінде жел күшейеді, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық түседі.

Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.




Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық