18 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған – Түсіпов

18 Қазан 2021, 12:11
8411
Бөлісу:
18 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған – Түсіпов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-нің брифингінде айтты.

Жыл басынан бері жүргізушілердің көлікті мас күйінде басқаруының 18 мыңға жуық дерегі,қарсы жолаққа шығуының 5 мыңнан астам жағдайы, жаяу жүргіншілер тарапынан 200 мың бұзушылық жасалған. 20,5 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды, - деді ол.

Түсіпов атағандай, 17,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды.

Бүгінгі таңда жол қозғалысын қадағалайтын полиция қызметкерлері 100% мобильді планшетпен жабдықталған. Олардың көмегімен 1,9 млн электрондық хаттама немесе қызметкерлер анықтаған ЖҚЕ бұзушылықтардың жалпы санының 94%-ы жасалды. Қалған 6% - ы сот материалдарына тиесілі, - деді Түсіпов.

Өзгелердің жаңалығы