Бас жаңалықтар
2 желтоқсанға арналған ауа райы
02 Желтоқсан 2020, 03:33 219

2 желтоқсанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде Қазақстан аумағында жел күшейіп, тұман түседі, кей жерде көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2 желтоқсанда фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерінде – аздаған қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы ықтимал. 

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...