2 млрд теңге. Жалған шот-фактура жазумен айналысқан азамат сотталды

15 Қыркүйек 2020, 10:37
1809
Бөлісу:
2 млрд теңге. Жалған шот-фактура жазумен айналысқан азамат сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалпы республикалық «Стоп – Обнал» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тексеру барысында Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінен ақшаны заңсыз жолмен қолма-қолға айналдыру деректерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлады комитет.

Биыл департамент 63 қылмыс, оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банктерден қаражатты заңсыз қолма-қолға айналдырудың 2 фактісі анықтаған. 

Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан, - деп жазды ведомство.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылды. Айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды.

Өзгелердің жаңалығы