2 млрд ағаш отырғызуға 22 млрд теңгедей қаражат бөлінеді

15 Маусым 2021, 13:01
6415
Бөлісу:
2 млрд ағаш отырғызуға 22 млрд теңгедей қаражат бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова 5 жыл ішінде отырғызылатын ағаштарға қанша қаржы бөлінетіні туралы айтты.

2 млрд ағаштың 1 539,7 млн данасы әкімдіктердің үлесіне тиесілі. Орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлар – 208,5 млн дана. Ведомстволық бағынысты ұйымдар – 251,8 млн дана.

Кешенді жоспарларда ағаш отырғызу көлемі мен осы мақсаттар үшін тиісті техника мен жабдықтар сатып алу белгіленген. Жобаны қаржыландыру үшін 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд теңге бөлу қарастырылған, - деді вице-министр.

Ол баяндағандай, 2021 жылға ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша материалдық-техникалық жарақтандыруға 569,1 млн теңге, оның ішінде отырғызу машиналарына, культиваторларға, қосалқы бөлшектер сатып алуға 28,1 млн теңге бекітілді.

2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде министрліктің табиғат қорғау мекемелеріне Ұлттық қордан 3 281,4 млн теңге мөлшерінде қосымша қаржы қаражаты бөлінді. Оның ішінде 1 746,9 млн теңге техника мен жабдық сатып алуға жұмсалады, - дейді Шалабекова.

Осы қаржыландыру аясында 209 бірлік мамандандырылған автотехника, жабдықтар мен өндірістік мақсаттағы құралдар сатып алу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы