2 миллионнан астам тұрғын санақтан онлайн өтті

13 Қыркүйек 2021, 10:53
2592
Бөлісу:
2 миллионнан астам тұрғын санақтан онлайн өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қыркүйек күнгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті. 

Олардың 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203 672 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82 202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

12 күннің қорытындысымен Алматы облысы алда. Мұнда 204 805 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 194 697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікті Қызылорда облысы түйіндеді. Мұнда 173 847 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 46 191 және 35 542 адам санақтан өткен.

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 21,1% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823 052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 17% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749 754 адам тіркелген).



Өзгелердің жаңалығы