Жапонияда өткен әлемдік турнирден қазақстандық спортшы 2 медаль алды

20 Мамыр 2019, 10:07
2516
Бөлісу:
Жапонияда өткен әлемдік турнирден қазақстандық спортшы 2 медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен Seiko Golden Grand Prix Osaka турнирі аяқталды. Әлемдік серия аясына енетін жарысқа Қазақстан атынан Ольга Сафронова қатысты. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.  

Сафронова Осакадағы турнирден бір күміс, бір қола медаль еншіледі. 

100 метрге жүгіруден Ольга 11.39 уақыт көрсеткішімен екінші орын иеленді. 

Ал 200 метрді 23.08 секундта жүгіріп өткен ол мәре сызығын үшінші болып кесті. 

Айта кетейік, Ольга Сафронова биылғы Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанған. 

Өзгелердің жаңалығы