Бас жаңалықтар
Астанада қалалық №2 ауруханада ашық есік күндері өтеді
17 Сәуiр 2019, 10:52 583

Астанада қалалық №2 ауруханада ашық есік күндері өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбейінді аурухананың есігі 17, 22 сәуірде және 6 мамырда ашық болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы және тіркелген емдеу мекемесіне қарамастан, Рысқұлов көшесі, 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан жаңа емдеу-диагностикалық орталықта дәрігерлердің кеңесін ала алады.

«Қабылдауды терапевт, невропатолог, акушер-гинеколог, гинеколог-эндокринолог, уролог, уроандролог, ревматолог, отоларинголог, неонатолог, хирург, реабилитолог, окулист дәрігерлері жүргізеді», - делінген хабарламада.  

Дәрігерлер тұрғындарды сағат 8:00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...