Жапониядағы круизде коронавирус жұқтырған 2 адам қаза тапты

20 Ақпан 2020, 12:16
1269
Бөлісу:
Жапониядағы круизде коронавирус жұқтырған 2 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның егде жастағы азаматтары Diamond Princess лайнерінде коронавирустан қайтыс болды.

Бұл туралы Үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап NHK хабарлады.

Қайтыс болғандар шамамен 80 жаста. Екеуі де – Жапония азаматтары. Коронавирус жұқтырғаны анықталған жапониялық ер адам мен әйел адам 11 және 12 ақпанда кемеден түсірілген болатын.

Бұған дейін Diamond Princess кемесіндегі екі апталық карантин аяқталғанын жаздық. 19 ақпанда алғашқы топ, шамамен, 500 адам кемеден шығарылды.

Лайнерде әлемнің 50 елінен 3,6 мыңға жуық адам болды. Олардың ішінде4 адам – Қазақстан азаматтары. Кемеде қазақстандық екі әйел мен екі баланың бар екенін ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы