2 200-ден астам алматылық «Бастау бизнес» курсынан өтті
14 Қазан 2021, 15:23 121

2 200-ден астам алматылық «Бастау бизнес» курсынан өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Бастау бизнес» жобасының сәтті жүзеге асып жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, биыл 2 201 әлеуетті кәсіпкер курстан өткен және оның 277-сі мемлекеттік қолдауға ие болыпты. Жобаның арқасында жұмыссыздар бастапқы капиталға ие болған. Ол үшін кәсіпкерлік курстарынан өту жеткілікті. «Бастау бизнес» қатысушыларын кәсіби бизнес-жаттықтырушылар оқытады, олар қандай қаржы институттарында және қандай шарттар бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бастапқы капиталды алу мүмкіндігі бар екенін айтады.

Бағдарламаға қатысушыларға 200 АЕК көлемінде гранттар бөлінеді – бұл шамамен 500 мың теңге. Бұл ақша өз ісін ашуға жеткілікті. Сондай-ақ, «Учёт.кз» Atameken Business Club платформасы іске қосылды. Енді ниет білдірушілер бухгалтерлік есеп, салық, кадрлар және бизнесті жүргізудің басқа да өзекті мәселелері бойынша тегін онлайн-кеңестер ала алады. Сонымен қатар, сабақтарды Amazon, Wildberries, Yandex Go, Ozon және Satu.kz сияқты ірі холдингтердің өкілдері жүргізеді, - дейді палата директоры.

Сонымен қатар биыл Almaty Business – 2021 оқыту бағдарламасы іске қосылған. Ол жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерін акселерациялауға бағытталған.

Осы бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнестің заманауи құралдары үйретіледі. Биыл 1 000 ШОБ субъектісі оқудан өтті. Негізінен олар – азық-түлік және азық-түліктік емес ритейл, қоғамдық тамақтану объектілері, қызмет көрсету саласы, жиһаз, тамақ және тігін өндірісінің өкілдері, - деді А. Қошмамбетов.

Сөзінің соңында Палата директоры кәсіпкерлерді бәсекелестіктен, оқудан үрейленбеуге шақырды. Оның пікірінше, бизнестегі бәсекелестік – дамудың жақсы мүмкіндігі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...