10 айда инвестицияның өсу қарқыны 14%-ға жетті – Әсет Ерғалиев

10 Қараша 2021, 09:12
744
Бөлісу:
10 айда инвестицияның өсу қарқыны 14%-ға жетті – Әсет Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту – экономикалық өсудің маңызды факторы.

Бұл ретте өндіруші емес салалар инвестициялар бойынша тартымды бағыт болып сақталуда. Биыл 10 айдың ішінде негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 14%-ды құрады, - деді ол Үкімет отырысында.

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Павлодар облыстарында байқалуда.

Инвестициялар, құрылыс саласында – 2,2 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 78,6%-ға, ауыл шаруашылығында – 41,9%-ға, саудада – 31,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 17,4%-ға және қаржы саласында – 12,1%-ға өсті, - дейді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.


Өзгелердің жаңалығы