Бас жаңалықтар
2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы өсті – премьер-министр
24 Қаңтар 2020, 10:57 205

2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы өсті – премьер-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Іс-шара аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин сөз сөйледі. 

Ел экономикасы тұрақты даму жолында. 2019 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 4,5 пайызды құрады. Оның 85 пайызы шиказаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономиканың өсуі негізігінен құрылыс, сауда, көлік салалары болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4 пайызды құрады. Тау-кен өнеркәсібі 3,7 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке металл кен өндіру көлемін 16 пайызға арттыру мәселесі қол жеткізілді. Негізігі капиталға инвестиция 8,5 пайызға, ал жеке инвестиция 9,5 пайызға өсті. Инфляция жоспарлы 4,6 пайыз шегінде, яғни 5,4 деңгейінде. Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. 2019 жылы 2,7 миллион азаматтың жалақысы өсті. Оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шаралары негіз болды. Бұл бизнес тарапынан қолдау арқасын. Еңбек нарығы да тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жалпы 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 280 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Мемлекет басшысы өткен жылы елімізде экономиканың негізгі салаларында өсім байқалғанын атап өтті.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...