Елімізде соңғы 8 айда 197,9 млрд теңгенің автокөлігі өндірілген

16 Қыркүйек 2019, 21:26
1415
Бөлісу:
Елімізде соңғы 8 айда 197,9 млрд теңгенің автокөлігі өндірілген

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 8 айында елімізде құны 197,9 млрд теңге болатын  28 611 автокөлік құралы өндірілген. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындары одағы хабарлады.

Одақтың мәліметінше, соңғы сегіз айда өндірілген өнімнің көлемі өткен жылға қарағанда 46,9% жоғары. Оның ішінде жеңіл автокөлік, жүк көлігі, автобус техникасы, арнайы машиналар мен көлік тіркемелері бар. 

Әсіресе жеңіл автокөлік өндірісі 40,5% ұлғайған, яғни 25 586 бірлік. Ал автобус техникаларының өндірісі 3,6 есеге өссе, жүк көліктері 2,4 есеге артқан. Тіркегіштердің саны 283 тен 540 дейін артқан. Ал арнайы автотехника керісінше 91 ден 47 дейін төмендеген.

2019 жылдың 8 айында елімізде құрастырылған жеңіл көліктердің ішінде Lada бренді үлкен сұранысқа ие болған. Hyundai, KIA, Ravon мен Skoda үлкен сұраныстағы бестікке енген.

Отандық өндірушілер ұсынатын маркалардың қатарында Chevrolet, JAC, UAZ және Peugeot брендтері бар.

Өзгелердің жаңалығы