19 қазанға арналған ауа райы болжамы

19 Қазан 2019, 08:28
1498
Бөлісу:
19 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және республиканың шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жауын шашын, шығыстың кей жерінде қатты жауын-шашын жауады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста – жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола, Костанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде жане таңертең кей жерде көктайғақ болады. Жамбыл, Атырау, Шығыс-Казақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде үсік 1-3 градус күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы