18 жастағыларға түгел сыйлық береміз – учаске төрағасы

9 Маусым 2019, 08:22
2002
Бөлісу:
18 жастағыларға түгел сыйлық береміз – учаске төрағасы
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда бірінші рет дауыс бергендерге сыйлықтар берілуде.

"Сайлау учаскесі сағат 7-де ашылды. Дауыс беру басталды. Олардың ішінде алғашқы дауыс берген, бірінші рет дауыс берген, тағы жасы үлкен ата-апаларымызға сыйлық бердік. Таңертең ерте келіп, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдіреміз. Көңіл-күйімізді осылай көтеріп жатыр. Бүгін 18 жасқа толғандардың барлығы сыйлық алады. Сайлау учаскесіне келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға да сайлау учаскесінің комиссия мүшелері үйлеріне барып сыйлығын табыстайды. Сыйлықтардың ішінде фен, шайнек, үтік, ас үйге арналған ыдыстар бар. Учаскедегі сайлау комиссиясында 11 адам жұмыс істеп жатыр", - деді №58 сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Іргебаева.

18 жастағыларға түгел сыйлық береміз – учаске төрағасы


 


 

Өзгелердің жаңалығы