Бас жаңалықтар
18 қазанда Алматы жартылай марафоны онлайн өтеді
17 Қазан 2020, 17:15 176

18 қазанда Алматы жартылай марафоны онлайн өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың 18 қазанында Virtual Half Marathon Алматы жартылай марафоны онлайн-форматта өтеді.

Бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңға жуық спортшы онлайн-жүгіруге шығады.

Алматылық қатысушылар үшін ұйымдастырушылар жағымды тосынсыйлар дайындап қойды. Қала бойынша су пункттері, медаль беру орындары, музыкалық нүктелер орнатылады және фотографтар болады.

• ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ,
• «Атакент» ҚІЫО,
• «Алматы Арена» МС,
• Баум атын. тоғай.

9:30-дан 15:00-ге дейін барлық жүгірушілер медальді бірден жүгіріс мәресінде ала алады. Басталу уақыты әртүрлі. Жүгіру виртуалды болғандықтан, әрбір қатысушы жүгіру үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.

Қашықтықтар:

21 км (жартылай марафон), үш адамнан тұратын командалар үшін 21 км-лік эстафета. Эстафетаның әрбір қатысушысы 7 км-ден жүгіреді.

Сондай-ақ, 18 қазан күні таңертең Алматы марафонының Instagram-аккаунтында тікелей эфирде қатысушылар үшін, жүгірушілер үшін және скандинавиялық жүріс қатысушылары үшін  жаттығулар өткізіледі. 
Жүгіруге тіркелу сайтында әлі де жалғасуда.


Фото: дереккөз
Загрузка...