Синоптиктер еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты

18 Ақпан 2020, 07:22
1098
Бөлісу:
Синоптиктер еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қолайлы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 18 ақпанда еліміздің барлық қаласында ауа сапасының қолайсыздығы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы