«17 қыркүйекте елді қайта карантинге жабады деген ақпарат рас па?». Тоғжанов жауабы

3 Қыркүйек 2020, 13:10
59711
Бөлісу:
«17 қыркүйекте елді қайта карантинге жабады деген ақпарат рас па?». Тоғжанов жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифинг барысында жауап берді.

Халық арасында әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген де ақпарат бар. Жалған ақпарат болса, оны таратқандарды қалай бақылайсыздар? деп журналист брифингке қатысушыларға сауал жолдады.
Ондай ақпарат бізде жоқ. Бүгінгі күнде өсім деңгейі 0,1%-ды (тілші – індет жұқтырудың) құрап отыр. Ашығын айтқанда, бұл көптеген қабылданған шараның нақты нәтижесі деп айтуға болады. Орындар (Тоғжанов – «койко место») деңгейі 10,7%-ға дейін түсіп отыр. Сондықтан қазір жағдай айтарлықтай жақсы. Карантинді Қазақстанда енгізу туралы сұрақ тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқағандай, қазір қабылданған нақты карантин режимін жұмсартуға байланысты бірнеше шара қабылданды. Отырыстарда жеңілдетуге байланысты біраз шешім қабылданды. Бүгін ВАК-тың арнайы отырысы болады. Ол жерде де карантин режимін жеңілдету сұрақтары күн тәртібінде тұр. Дегенмен «осындай әңгімелерді» желілерде тарататын түрлі адамдар да болады. Азаматтарға айтатыным, ресми ақпараттарға ғана сенуді сұраймыз, - деп тілші сұрағына жауап берді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы