17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

17 Сәуір 2019, 08:15
1788
Бөлісу:
17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 17 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді.


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек солтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды обласының кей жерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан облысында кей жерінде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан ​​облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы