17 мамырға арналған ауа райы болжамы

17 Мамыр 2019, 08:15
1733
Бөлісу:
17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, найзағай болады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктің кей жерінде шаңды дауыл, солтүстікте дауыл болуы ықтимал.

Оңтүстік-шығыста, орталықта және шығыста күн ашық болады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болады, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Түркістан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.    

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-8 градус үсік, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерінде 3 градус үсік сақталады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы