Американың 16 штаты Трампқа қарсы шықты

19 Ақпан 2019, 10:19
1878
Бөлісу:
Американың 16 штаты Трампқа қарсы шықты

Астана, BAQ.KZ. Америкалық 16 штат АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы шағымданды. Бұл туралы The New York Times жазды.

Жергілікті билік, Калифорния мен Нью-Йорк штаттарының басшыларын қоса алғанда елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты президентке қарсы шықты. Трамп мұны Мексикамен шекараға қамал тұрғызуға конгрестен 8000 миллиард доллар алу үшін жасап отыр.

Штат өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысы бюджет қаржысын парламентті «айналып өтіп» жұмсауға уәкілеттігі жоқ.

Олар Сан-Францисконың аумақтық сотына шағымданды.

Өзгелердің жаңалығы