1,6 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы өседі
5 Қаңтар, 11:35 344

1,6 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 41% - ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» заңы бойынша жыл сайын белгіленеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...