16 маусымға арналған ауа райы болжамы

16 Маусым 2019, 09:18
1720
Бөлісу:
16 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Республика аумағының  кей  жерлерінде найзағай жарқылдап, жел күшейіп, дауыл соғуы мүмкін. Бұршақ жауып, солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, назағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. 

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, найзағай жарқылдап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.  

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 25 м/с күшейіп, найзағай жарқылдайды. Қостанай облысында бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай жарқылдауы мүмкін. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі. 

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай жарқылдайды.     

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы