16 мамыр. Сайлау барысы

16 Мамыр 2019, 20:38
2424
Бөлісу:
 16 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 16 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековты қолдау мақсатында партияның Нұр-Сұлтан қалалық комитеті "Астана Электротехникалық зауыты" ЖШС ұжымымен кездесті.  

«Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат Дания Еспаеваның штабы Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорнында үгіт кездесуін өткізді. Партияның ресми сайты 17 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева Қостанай облысына баратынын хабарлады. 

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері Оралдағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің тұрғындарымен кездесу өткізді.  Кандидаттың елордадағы штабының үгіт-насихат тобы Орталық базарда жұмыс жүргізді.  Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық штабына келді. 

«Ауыл» партиясының атынан президенттікке кандидат, әрі штаб басшысы Төлеутай Рақымбеков Ақмола облысына сапарын шағын елді-мекендерден бастады. Ол елордадағы Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың Батыс Қазақстан облысты өңірлік штабындағы сенімді өкілдері ақсақалдармен кездесті. Кандидаттың Маңғыстау облысындағы сенімді өкілдері өңір бойынша және Ақтау қаласының орталығында үгіт материалдарын таратты. Сондай-ақ, Кәсіподақтар Федерациясынан сенім білдірген өкілдері Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің еңбек ұжымымен кездесті. 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты.  Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бастаған республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақмола облысының активімен кездесті. Кандидаттың сенімді өкілі Нұрлан Әлімжанның "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы жолын жалғастыратыны мен үшін өте маңызды" атты сұхбаты жарық көрді.  Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына келді.

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің Щучинск қаласында "Ұлағатты ұрпақ - ұлттық ұстаным" атты шығармашылық кеші мен Ақкөл қаласында кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен асық ату турнирі өтті.

Өзгелердің жаңалығы