Бас жаңалықтар
16 қазанға арналған ауа райы болжамы
16 Қазан 2019, 08:13 195

16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте жауын шашынсыз ауа райы болжанады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Ақмола, кей жерде Қостанай облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде қатты жел соғып, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының күндіз Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...