16 қаңтарда 95 мың оқушы ҰБТ тапсырады

14 Қаңтар 2020, 21:46
1221
Бөлісу:
16 қаңтарда 95 мың оқушы ҰБТ тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың өкілдері екі күннен соң өтетін ҰБТ-ға қатысады.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы шынайы әрі әділ емтихан өтеді деп сендірді.
Біз барлық түлектер үшін әлеуметтік мәртебеге, отбасылық қатынастарға және қаржылық жағдайға қарамастан емтихан тапсыру үшін тең және объективті жағдайлар жасаймыз. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауы мен сеніміне ие болдық: арнайы мониторингтік бақылау топтарының мүшелері тәуелсіз бақылаушылар ретінде шақырылады, - деп жазды Дидар Смағұлов
.

2020 жылдың 16 және 20 қаңтар күндер аралығында Қазақстанда ҰБТ өтеді. Бұл университетке ақылы негізде түсуге мүмкіндік береді. Тестілеуге қатысуға 95 мыңнан астам адам өтінім берді.

ҰБТ тапсыру барысында ұялы құрылғылар жұмысы бұғатталатын және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген  820 аудитория пайдаланылады.
Біз кез келген емтихан бөлмесінен онлайн режимінде хабар таратамыз. Сонда кез келген адам емтиханның әділ өтуін бақылай алады. Алдау және басқа да ережелерді бұзу фактілері туралы Digital agent қосымшасы арқылы он-лайн режимінде хабарлауға болады: біз жедел жауап беруге кепілдік береміз, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Өзгелердің жаңалығы