Бас жаңалықтар
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
15 Қаңтар 2019, 08:35 1003

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары cейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.


"2019 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Ақтөбе қаласында күтіледі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Загрузка...