15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

15 Желтоқсан 2019, 09:02
3293
Бөлісу:
15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауаның температурасы төмендейді, жауын-шашын тоқтауы күтіледі. Бұл антициклонға байланысты, оның орталығы Ақмола облысынан жоғары орналасқан Солтүстік циклонның жотасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер шығысқа қарай жылжиды, сондықтан шығыста және оңтүстік-шығыста ауа-райы тұрақсыз болады, қар жауады, оңтүстік-шығыста түнде қатты қар борайды. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді, - делінген хабарламада.  

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде Манғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.        

Өзгелердің жаңалығы