15 мамыр. Сайлау барысы

15 Мамыр 2019, 17:16
4721
Бөлісу:
15 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 15 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков туған жері Қорғалжынға барды. Кандидат Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының бес басым бағытын түсіндірді.

«Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Ақмола облысының Ерейментау ауданында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Сондй-ақ Батыс Қазақстан аймақтық штабының мүшелері Орал қаласындағы ЖОО оқытушыларымен және студенттермен кездесті. 

"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан президенттікке кандидат Әміржан Қосанов әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, сайлауға қатысты жоспарымен бөлісіп, өз сайлауалды платформасында көрсетілген негізгі бағыттарды айқындады. Қосанов Қарағанды қаласының тұрғындарымен және қала маңындағы Үштөбе елімекенінде орнадасқан Карл Маркс атындағы құс фабрикасы жұмысшыларымен кездесті. 

"Ауыл" партиясы Алматыда «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының кепілі» атты дөңгелек үстел өткізіп, партия атынан кандидат Төлеутай Рахымбековтің сайлауалды бағдаралмасын талқылады.

Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері Рысқұлов ауданында сайлауалды кездесулер өткізді. Кандидаттың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының үгіт-насихат сапарлары да қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, Аманкелді Таспиховтің Қызылорда өңірлік штаб мүшелері Қазалы ауданында жиын өткізді. Таспиховтің Ақтөбе облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Алтынбек Әмірғалиев облыстағы мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерімен кездесті.

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық штаб мүшелері «AgroFood Kazakhstan» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысындағы сенімді өкілдері өңірден шыққан паралимпиада ойыншыларымен кездесу өткізді. Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ресми сайттарына "Тәжірибелі реформатор Тоқаев Қазақстанды дағдарыстан қалай алып шықты?" атты мақала жариялады. Батыс Қазақстан облыстық штаб өкілдері Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Jas Otan Жастар қанатының астаналық филиалы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. 

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Көкшетауда сайлаушылармен кездесу өткізді.

Өзгелердің жаңалығы