"Ауыл" партиясы 15 балалы Татьяна Култышеваны құттықтады

6 Наурыз 2020, 16:19
2313
Бөлісу:
"Ауыл" партиясы 15 балалы Татьяна Култышеваны құттықтады
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласында 15 балалы Култышевтар отбасы тұрады. "Батыр ана" Татьяна маусым айында 16-шы сәбиін дүниеге әкелмек. Бақытты әйелді халықаралық арулар мерекесімен "Ауыл" партиясының облыстық филиалы құттықтады.

8 ұл, 7 қыз – Павел мен Татьяна Култышевтар 15 бала тәрбиелеп отыр. Отағасы көпбалалы отбасынан шыққан. Сондықтан бала кезден ұл-қыздарының көп болғанын қалапты. Үйдің тұңғышы 18-де. Ең кішкентайы 9 айлық.

IMG_5959.JPG

Меніңше өмірдегі басты бақыт – бала. Тек осыны барлығы бағалап, түсіне бермейді. Ұрпағыңды тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіру, сапалы білім беріп, адам қатарына қосу – ата-ананың парызы. 15 бала тәрбиелеу оңай дей алмаймын. Бірақ бізді Құдай қолдайды. Ешкімге алақан жайған емеспіз. Өз еңбегімізбен балаларымызды асырап келеміз. Қазір алды ер жетіп, соңындағыларына қамқор болады. Әр баланың орны ерекше. Біреуі атасының үйіне кетсе, сағынып тұрасың, - дейді Павел Култышев.
IMG_5961.JPG

Павел мен Татьяна еңбекқор жандар екендігі бірден аңғарылады. Есігінің алдынан, үйдің төріне дейін тап-таза, жинақы. Өз күштерімен ескі үй сатып алып, күрделі жөндеу жасап, қосымша бөлмелер салған. Сиыр ұстап, айран, май, ірімшікпен дастархан сәнін келтіріп отыр. Жаз бойы бау-бақша егіп, қысқы азық әзірлейді. Татьяна үйдің барлық шаруасын балаларымен бірге тындыратынын айтады. Ал Павел "Бастау" мемелкеттік бағдарламасы бойынша грант иеленіп, өз кәсібін ашқан. Шағын ғана шеберханасында темірден түрлі бұйымдар жасайды.

IMG_5964.JPG

Үйде 11 оқушы бар. Барлығы ерте тұрып, бір-бірінің шашын өріп, мектепке барар сөмкесін жинайды. Тетелестерін бір-біріне серік болсын деген мақсатпен бір сыныпқа береді.

IMG_5974.JPG

Сырт көзбен қарағандар 15 бала асырау қиын деп ойлайды. Мен жалғыз емеспін. Үлкендері көмекші. Бәрін өздері тындырады. Әркім өзінің соңынан заттарын жинап жүреді. Балаларды барынша өнерге баулимыз. Әсіресе қыздар жағы түрлі музыкалық аспаптарды меңгеріп жүр. Оркестрде ойнайтындары дар бар, - дейді Татьяна Култышева.
IMG_5984.JPG

Култышевтар құттықтай келген меймандарды кең дастархан жайып қарсы алды. "Ауыл" партиясының облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжінов Татьянаны құттықтап, сый-сияпатын тарту етті.
IMG_5991.JPG
Отбасы – мемлекеттің ажырамас бөлшегі. Бала кішкентай кезінде қандай тәрбие алса, өскенде соны істейді. Көпбалалы жанұяның балалары бір-біріне көмекші болып өседі. Отанды сүю, өзгелерге қамқор болу – олардың бойында бала жастан қалыптасады. Жалғыз өскен балалар жөнінде бұлай айта алмаймын. Павел мен Татьяна көпке үлгі боларлық, ерекше отбасы. 15 баланы дүниеге әкелу – ерлік. Култышевтармен қарым-қатынаста боламыз. Оларды елге үлгі ету керек, - дейді Темірғали Текебасұлы.

IMG_6011.JPG

Татьяна орта мектепті тәмәмдағандығы жөніндегі аттестат қолына тиген соң бірден тұрмысқа шыққан. 20 жасында тұңғышын дүниеге әкеліпті. Павелдің жасы 42-де. Отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын Қүлтышевтар 16 баламен де шектеліп қалмайтындықтарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы