Бас жаңалықтар
№142 сайлау учаскесінде жас жұбайлардың некесі қиылады
09 Маусым 2019, 16:46 436

№142 сайлау учаскесінде жас жұбайлардың некесі қиылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. №142 сайлау  учаскесі 2999 адам тіркелсе, қазіргі уақытқа дейін шамамен 1400 адам дауыс берген. 


"Таңғы 7:00-ден 16:30-ға дейін шамамен 1400 адам дауыс берді. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында неке қиған жас отбасы осы жерге келіп, дауыс береді. АХАЖ бөлімінің мамандары оларға осы жерде Неке куәлігін табыс етеді", - дейді №142 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Талғат Ахмединов.

Айта кетейік, еліміз бойынша сайлаушылардың 65,9% дауыс берді.  


Фото: автордан
Загрузка...