1414 саІІ-орталығына бір күнде 500 мыңнан астам қоңырау соғылған

27 Наурыз 2020, 15:31
1182
Бөлісу:
1414 саІІ-орталығына бір күнде 500 мыңнан астам қоңырау  соғылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерекелік демалыс күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні 1414 колл-орталығы әдеттегіден 30 есе көп қоңырау қабылдады.

1414 бірыңғай байланыс орталығына 598 423 қоңырау келіп түскен. Бұрын (19-24 наурыз аралығында) бірыңғай байланыс орталығына тәулігіне 5 мыңнан 24 мыңға дейін қоңырау келіп түсетін.

Байланыс орталығы жүктемесінің артуына байланысты азаматтарға кеңес беру жұмысына ХҚКО-ның 1200-ден астам қызметкері қосылды,
сондай-ақ байланыс арналарының өткізу қабілетін және барлық қоңырауларға қызмет көрсету үшін телефония қуатын арттыру бойынша
шаралар қабылданды, енді бір мезгілде 1000-нан астам қоңырауды қабылдауға мүмкіндігі бар.

Азаматтар 1414 орталығына сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өте көп хабарласқан. Ал, сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін байланыс орталығына хабарласушылар саны азайған. Осы уақытта өтініш білдірген азаматтардың қажетті кеңесті тез алуына мүмкіндігі мол, - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасының орынбасары Диас Қадыров.

Қазақстандықтар 1414 колл-орталығына онлайн қызмет алу мәселелері бойынша күн сайын, демалыссыз, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін хабарласа алады. Байланыс орталығы қызметкерлерінің ЭЦҚ алуға өтініш білдірген азаматтарды жеке куәлігіндегі суретіне қарап, бейнебайланыс арқылы сәйкестендірумен айналысатынын да айтып өту керек. Азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда ғана бейнебайланыс арқылы сәйкестендіру талап етіледі.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-ын онлайн алуға болады. Оларды азаматтар egov.kz электрондық үкімет сайты, eGov mobile
қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм арнасы және Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы ала алады.

Өзгелердің жаңалығы