1414: Қазақстанда психологиялық көмек көрсететін жедел желі іске қосылады

8 Қаңтар 2022, 12:53
1380
Бөлісу:
1414: Қазақстанда психологиялық көмек көрсететін жедел желі іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде психологиялық көмек көрсететін жедел желі іске қосылады.

Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірліктері бірлесіп 1414 бірыңғай колл-орталығы базасында барлық мұқтаж жанға, соның ішінде елдегі террористік актілерден зардап шеккендерге кәсіби психологиялық көмек көрсетуге арналған жедел желіні іске қосады.  

Аида Балаеваның Facebook-тегі парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, психологиялық көмек азаматтарға тәулік бойы көрсетілетін болады. Желі жұмысы жақын арада басталады.  

Қазір республика тұрғындарының барлығы қиын жағдайда. Әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарының халқына психологтардың кәсіби көмегі қажет. Азаматтарға психологиялық кеңес беру мақсатында Министрлік бірыңғай жедел желіні іске қосады. Жедел желі барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді, - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас.

Өзгелердің жаңалығы