1414 операторлары 200-ден 2000-ға дейін ұлғайтылды

7 Сәуір 2020, 13:15
1831
Бөлісу:
1414 операторлары 200-ден 2000-ға дейін ұлғайтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңселерінде қызмет еткен операторлар тартылған.


Бүгін төтенше жағдай кезіндегі интернеттің және электрондық үкіметтің жұмысына арналған онлайн-брифинг барысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов жыл сайын мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ниет білдіргендер саны артып келе жатқанын айтты.
Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 26 наурыздан бастап  елдің барлық өңірлерінде халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты, ХҚКО жұмысы онлайн режимге ауыстырылды. Қазіргі уақытта эклектрондық үкімет порталы – мемлекеттік қызметтерді алудың ең ыңғайлы құралы. Оны жылдан жылға 10 миллионнан астам азамат пайдалануда. Бүгінде барлық қызметтердің 80 пайызын электронды түрде алуға болады. Биыл жыл соңына дейін электронды қызметтердің үлесін 90 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда,-деді Абылайхан Оспанов.

Вице-министр мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы және электронды түрде тұтынушылардың жыл сайынғы көрсеткішіне қатысты мәліметтермен бөлісті. 
Былтыр электронды үкімет порталы арқылы 47 миллионнан астам электронды қызмет көрсетілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 57 пайызға артық. ХҚКО-ы туралы айтар болсақ, 2019 жылы орталықтар арқылы 27 миллион қызмет көрсетілген, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 миллионға кем. Осы мәліметтерге сүйене отырып, біз жыл сайын мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ниет білдіргендер санының өскенін байқаймыз,-деді ол.

Вице-министр сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысына да тоқталды.
Тұрғындардың қызметтерді электронды түрде кедергісіз алуы үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығының операторлары санын 200-ден 2000-ға дейін ұлғайттық. Оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" фронт-кеңселерінде қызмет еткен операторлар тартылды. Байланыс орталығына телефон шалудағы кедергілерге келер болсақ, бұрын қалыпты жұмыс режимінде орталық күніне 25-30 мың көлемінде қоңырау қабылдайтын еді, ал бүгінгі күндері 600 мыңға дейін қоңырау қабылдаған кездеріміз болды. Жыл басынан бері 1414 байланыс орталығы 4 миллионнан астам азаматқа мәлімет берген,-деді Абылайхан Оспанов.



Өзгелердің жаңалығы