14 желтоқсанға арналған ауа райы

14 Желтоқсан 2020, 08:53
1155
Бөлісу:
14 желтоқсанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 14 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпалын тигізеді, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында кей жерлерінде қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман сақталады, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы