14 жастағы вундеркинд 2 бірдей ғылыми атақ алды

27 Мамыр 2019, 11:47
2741
Бөлісу:
14 жастағы вундеркинд 2 бірдей ғылыми атақ алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келтон Костис 9 жасында (Kelton Kostis) Небраска штатындағы Белвью университетіне түсті. 12 жасында ол веб-технология бакалавр мамандығын алып шықты. Содан кейін ақпараттық менеджменттен магистрлік диссертация қорғады. Бұл туралы cbc news сайтында хабарланды. 

Вундеркинд өзінің жетістіктері туралы айналасындағылар білген кезде олардың таңданатынын жасырмады. Қазір ол оқу демалысында. Бос уақытында спортпен шұғылданғанды және жүзуді ұнатады. Жасөспірім оқудан бөлек, өз-өзіне жұмыс табуға тырысады. 

"Мен өзіме киберқауіпсіздікпен немесе ақпараттық технологиялармен айналысатын үкіметте немесе компанияда жұмыс іздеймін», -  деді Костис. 

Ол қашықтан жұмыс жасағысы келетінін айтты. 

Костис маусым айының басында диплом тапсыру рәсіміне келуді жоспарлап отыр. Бакалавр дипломын алған кезде курстастары Костисті алғаш рет көріп, таң қалғанын еске алады.

Өзгелердің жаңалығы