14 мамыр. Сайлау барысы

14 Мамыр 2019, 18:26
3218
Бөлісу:
14 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 14 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің сайлауалды штабы Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбековті қолдау мақсатында автошеру өткізді. Ақмола облыстық сайлауалды штабы Степногорск қаласындағы «Целингормаш» машина жасау зауытының ұжымымен кездесті. 

«Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Талдықорған қаласында үгіт-насихат кездесулерін өткізді. Үміткердің сайлауалды бағадарламасымен аккумулятор батареяларын өндіруші «Қайнар-АБК» ЖШС зауыты мен «Нұр Авиценум» медициналық орталығы қызметкерлері танысты. Айта кетерлігі, штабпен бірге Дания Еспаеваның өзі де жүр. 

Ақмола облысында президенттікке кандидат Әміржан Қосановты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жамбыл облысындағы Түймекент тұрғындары Қосановтың сайлауалды платформасымен танысты. 

Төлеутай Рахымбековтің сайлауалды штабы елордада «Ауыл нақыштары» атауымен фотокөрме ұйымдастырды.  

Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың үгіт-насихат тобы Ордабасы ауданында болды. Ақтөбеде Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі мемқызметшілермен кездесті. Шымкент жастары кандидатты қолдау мақсатында флешмоб өткізді. Флешмобқа 500 жуық жас қатысты.

Сондай-ақ, Аманкелді Таспиховтың Ақтөбедегі сенімді өкілі мемлекеттік қызметшілермен кездесті. 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілдері Павлодар облысына келді. Олар аймақ тұрғындарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырады. Мәулен Әшімбаев бастаған штаб Павлодардағы электролиз зауытына келді. «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда өкілдігінің мүшелері Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын айтты. 

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған президенттікке кандидат Сәдібек Түгел сайлауалды бағдаралмасын жариялады. Сондай-ақ, саясаттанушы Досым Сәтпаевтың сайлауалды науқан туралы пікірімен толықтай келіспейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы