14 елдің туристері үшін Еуропаға кіруге рұқсат етілді

1 Шілде 2020, 06:43
1239
Бөлісу:
14 елдің туристері үшін Еуропаға кіруге рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ 1 шілдеден бастап 14 елдің туристеріне шекарасын ашады. Ресей мен АҚШ бұл тізімге енбеген. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Құжатта айтылғандай, Қытай өз тарапынан ЕО азаматтары үшін шекараны ашуға дайын екенін растаса, тізімге 15-ші ел боп қосыла алады.

Қоғамдастық елдері 1 шілдеден бастап мына мемлекеттер үшін сыртқы шекаралар арқылы кіріп-шығуға қойылған шектеулерді алуы тиіс: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Қытай өз тарапынан қарсы емес екенін растауы керек, - делінген мәлімдемеде.

Дегенмен, ЕО елдері аталған мемлекеттермен шекараны бір мезгілде және дереу ашуға міндетті емес.

Бұл тізім заң жүзінде міндеттелген құжат болып табылмайды, - делінген онда.


Өзгелердің жаңалығы