13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

13 Шілде 2020, 08:34
1232
Бөлісу:
13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде күні еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі.

Алайда, елдің солтүстік және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте және батыста – шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 

Түнде Павлодар, Қарағаңды, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы