Бас жаңалықтар
Бүгін
13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
13 Қаңтар 2019, 09:12 239

13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклонның  әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.Қазгидрометтің хабарлауынша, тек республиканың батысында және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы. Қар жаууы мүмкін.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғып, жел күшейеді.  

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман  түсіп, көктайғақ болып, бұрқасы желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі.  

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жылдамдығы -15-20 м/с болатын жел соғады.  

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Сізден жаңалық