13 наурызға арналған ауа райы болжамы

13 Наурыз 2019, 08:15
2743
Бөлісу:
13 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде жауын-шашын жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді. 

Ақмола, Костанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді. 

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

 Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы