13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

23 Маусым 2020, 05:49
1491
Бөлісу:
13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қайта қысқарды. Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша, еліміздің 13 аймағында - Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қысқартылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-ның жұмыс уақытына өзгеріс тек Семей қаласы бойынша енгізілді.

Қазіргі таңда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді.



Өзгелердің жаңалығы