1276 көпбалалы отбасына тұрғын үй сертификаты беріледі – Байбек

20 Ақпан 2019, 10:46
2358
Бөлісу:
1276 көпбалалы отбасына тұрғын үй сертификаты беріледі – Байбек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі апта ішінде 600-ден астам аналармен ондаған кездеуслер өткіздік. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен есепті кездесу барысында айтты.  


Қала әкімі көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударып отырғандығын жеткізді. 

«Жүздеген өтініштер сараланды, ең өткір мәселелер - тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемі, оқу мен жұмысқа орналасу. Барлық өтініштер, адрестік әлеуметтік көмек әдісінің өзгерісін қоса Үкімет жанындағы жұмыс тобына жіберілді. Әкімдік деңгейінде де қозғаушы күштер мен ресурстар бар, сондықтан біз бірқатар кешенді шараларды жасадық. Мысалы, Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың көпшілігі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, төлем 18 жылға 2%-бен. Біз өткен екі жыл ішінде «Алматы Жастары» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырдық. Құны 10 миллионға дейінгі 238 пәтер жас отбасыларға 5%-дық несиелермен берілді. Бұл істе нақтылы тәжірибеміз бар», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар ол, жаңадан салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге ғана несиелер берілетінін айтты.

«Биылғы жылы Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтерлер іске қосылады. Бұдан өзге, ескі үйлер сүріліп, олардың оырндарына жаңалары салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бес жыл ішінде 23 пәтер салу жоспарланған» - деді ол.

Әкімнің айтуынша, соңғы 3 жыл ішінде 10 мыңнан астам алматылық отбасы жаңа пәтерге қоныстанған. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінсе, 8 мыңнан астамы жеңіл ипотека бойынша таратылған. 

«Жаңа қонысқа ие болғандардың 40%-ы әлеуметтік жағдайы төмен категориядағылар: 2375 пәтер көпбалалы және толық емес отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345 пәтер жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткелер мен ардагерлерге берілді» - деді әкім.
Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы