120 мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшесі оқудан өтті – ОСК

31 Мамыр 2019, 17:37
1541
Бөлісу:
120 мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшесі оқудан өтті – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауының дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушылары оқудан өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты. 

"Сайлау науқанын жариялаған сәттен қазіргі уақытқа дейін аумақтық сайлау комиссияларының 1624 мүшесі, учаскелі сайлау комиссияларының 65 мың мүшесі оқудан өтті. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту ҚР ОСК дайындаған оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешені бойынша жүргізілді. Жалпы, республика бойынша сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын электораттық оқыту 118 112 адамды қамтыды. Электораттық оқыту алты бағыт бойынша жүргізілді", – деді Сабила Мұстафина.

Алты бағыт мынандай:

1. ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдары базасында сайлау комиссияларының мүешелерін оқуыту;

2. Жергілікті жерлерде төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен оқыту;

3.Қашықтан оқыту мен тестілеу;

4. ҚР ОСК мүшелері мен аппарат қызметкерлері өңірлерде өткізген көшпелі оқыту семинарлары;

5. Бейнеконференц-байланыс арқылы өңірлермен өткізілген семинарлар;

6. Сайлау процесінің басқа да қатысушыларына арналған оқыту іс-шаралары.

Өзгелердің жаңалығы