12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

12 Қаңтар 2020, 09:02
2695
Бөлісу:
12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.

Республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктер әлі де өз ықпалын сақтайды. Соған байланысты кей жерде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста көктайғақ байқалады, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі, - делінген хабарламада.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Атырау облысының күндіз кей жерінде - бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жаланашкол ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы