12 маусымға арналған ауа райы болжамы

12 Маусым 2019, 08:15
1854
Бөлісу:
12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағамен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында және оңтүстігінде күн ашық болады. Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с жетеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл, жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-23 м/с, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының кей жерінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  






Өзгелердің жаңалығы