12 мамырда елімізде қандай ауа райы күтіледі?

12 Мамыр 2019, 09:09
1671
Бөлісу:
12 мамырда елімізде қандай ауа райы күтіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, сондай-ақ шығысында атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей аймағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста – тұман.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. 

Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарында – кей жерде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. 

Маңғыстау, түнде Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, Маңғыстау облысында – кей жерде тұман күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы