12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

12 Қараша 2019, 08:23
2039
Бөлісу:
12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде антициклонның жотасымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс және шығыстың кей жерінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жел күшейеді, көктайғақ, тұман бақыланады, тек шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.  

Ақмола, Қостанай, Солүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, Түркістан, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы