12-14 наурызға арналған ауа райы болжамы

11 Наурыз 2019, 14:40
2607
Бөлісу:
12-14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Антициклон алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ала бұлтты, ауа райының күндізгі температурасы 0…+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С градус болады деп күтілуде, бұл климаттық нормадан 4…10°С градусқа жоғары», - делінген таратылған хабарламада.

Кей жерлерде тек еліміздің батыс және шет солтүстік аймақтарында, Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың ықпалынан, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжануда.


Өзгелердің жаңалығы